ШҚО-да түзеу мекемесінде жас сарбаздармен тәлімгерлік сабақ өтті
ШҚО-да түзеу мекемесінде жас сарбаздармен тәлімгерлік сабақ өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Ұлттық ұланы Шығыс өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 бөлімімен бірлесіп ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ-156/3 түзеу мекемесіндегі сотталғандарды күзету және қадағалау бойынша сәтті жұмыстар атқаруда.
- Жаңадан ант қабылдаған жас сарбаздар ОВ-156/3 түзеу мекемесінің екінші атқыштар ротасының 20 сарбазы практикалық тәжірибеден өтуде. Жас сарбаздардың білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында мекеме қызметкерлері тәлімгерлік сабақ өткізді, - деді мекеме бастығының орынбасары Олжас Жақсыбаев.