ШҚО колониясында жаңа өндіріс игерілуде
ШҚО колониясында жаңа өндіріс игерілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бірнеше жыл көлемінде Шығыс Қазақстан облысының түзеу мекемелерінде тек жүйе ішіндегі қажеттілік үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстан нарығына шығаруға бағытталған өнім шығару үрдісі дамып келеді. Бұл өндірістерді азаматтық тұлғалар аша отырып, сотталғандарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде.
Өскемен қаласында ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/2 ерекше қауіпсіздік колониясы орналасқан. Осы түзеу мекемесінің базасында 10-нан астам жеке кәсіпкер өздерінің кәсіптерін дөңгелетуде. Кәсіпкерлер негізінен ағаштан бұйымдар жасаумен айналысады. Айта кету керек, күнделікті ағашты өңдеумен айналысу және әр түрлі үй шаруашылығының бұйымдарын жасау кезінде көпшілігі уақытылы жоюды қажет ететін, қалдықтар сияқты мәселеге тап болады.
Мысалы, кәсіпкер Әсет Манапов ағаш қалдықтарын нақты пайда көзіне айналдырудың тәсілін ойлап тапқан. Бұл азаматта кішігірім кәсіптік-жоспар туындаған, яғни арболиттік блок пен нығыздалған брикет өндірісі. Арболиттік блоктар – бұл негізі ағаш, цемент, әк қалдықтары мен судың қоспасынан дайындалған өнім түрі.
Осыдан былай барлық ағаш қалдықтары мен қоқымдарды аумақтан тысқары шығарып немесе жоймай-ақ, жай ғана сумен илеп араластырып, қажетті қалыптарға құйып, кептіру үшін жағдай жасау қажет. Бұндай бұйым, қазіргі уақытта құрылыста кеңінен қолданылады, өйткені экологиялық таза өнім қатарына жатады.
Кәсіпкер алдағы уақытта өзінің кәсібін кеңейтуді жоспарлап және тек арболит блоктарын өндірумен шектеліп қалмай, сонымен қатар отын ретінде қолдануға болатын брикет өндіруді жоспарлауда. Кейіннен оларды қала аумағында қолжетімді бағамен сатумен айналысады. Бұл өндіріс үш айдан бері өзінің жұмысын тоқтаусыз жалғастыруда.