Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО Күршім ауданында жасөспірім дүкенге ұрлыққа түсті

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында жасөспірім дүкенге ұрлыққа түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының ортасында Күршім ауданы ПБ кезекші бөлімінің “102″ жедел арнасына Ақсуат ауылының 49 жастағы тұрғыны хабарласып, ол 13-нен 14-не қараған түні белгісіз біреу үйінің ауласында орналасқан азық-түлік дүкенінің терезесінің шынысын сындырып, 35 625 теңге сомасына темекі мен сағыз ұрлап кеткенін айтты.

Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы іс-шаралар жүргізу барысында күдіктіні анықтады. Ол Ақсуат ауылында тұратын 8-сынып оқушысы болып шықты.

Ата-анасының қатысуымен жасөспірімнен жауап алу барысында, ол ата-анасы ұйықтап қалғаннан кейін көшеге шыққанын түсіндірді. Қылмыс жасалғаннан кейін кәмелетке толмаған ұрланған заттарды иесіз үйге жасырып кеткен. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Жасөспірім кінәсін толық мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру