Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД-да нәзік жандылар марапатталды

ШҚО ПД-да нәзік жандылар марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арт-шеберхана, вокалдық және би нөмірлері, салтанатты құттықтау және наградаларды табыстау бүгінгі күні облыс орталығы полициясының нәзік жан өкілдерінің арасында өтті.

Салтанатты күні ардагерлер, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан және қызмет өткеру кезінде мертіккен ішкі істер органдары қызметкерлерінің жесірлері мен әйелдері назардан тыс қалмай, оларға гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды.

Жыл сайын көктемнің осы тамаша күні бізге ең ыстық сезімдерімізді ерекше түрде білдіруге және мемлекет пен қоғам өміріндегі сіздердің ерекше рөлдеріңізді атап өтуге мүмкіндік береді. Бүгінде әйелдер қауымы қызметтің барлық саласында кәсіби биік белестерге жетуде. Сіздердің сұлулықтарыңыз, энергияларыңыз, сезімталдықтарыңыз бен нәзіктігіңіз бізге сенімділік пен күш береді. Кез келген өмірлік жағдайға қарамастан, әдемі болып қала білгендеріңіз үшін алғыс айтамыз, – деп атап өтті полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков.

Бұдан әрі облыстың ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев құттықтау сөз сөйледі.

Сондай-ақ, салтанатты бағдарлама барысында “ӘЛСІЗ ЕМЕС” әйел қызметкерлері арасында өткізілген атыс чемпионатының жеңімпаздары атап өтілді: Татьяна Титаренко, Айзада Мұхтарханова және Валентина Журавель.

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің және полиция департаменті бастығының бұйрықтарымен 600-ден астам тәртіп сақшылары медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер органдарының қатарында погон таққан нәзік жандылар ер адамдармен бірге облыстық полиция департаментінің барлық бөлімшелерінде жұмыс істейді. Олардың ішінде тергеушілер, анықтаушылар, криминалистер, жедел уәкілдер және ювеналды полиция қызметкерлері бар. Погондағы әйелдер ер әріптестерімен қатар қиын жұмысты абыроймен орындайды, бірақ олар қатал көрінгенімен, олардың жүректерінде сезімталдық, мейірімділік пен нәзіктік үлгісі жойылмайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру