Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері 3 және 5 жастағы жоғалған ағайындыларды тапты

ШҚО полицейлері 3 және 5 жастағы жоғалған ағайындыларды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 маусым күні сағат 21:30-да Күршім аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын 3 және 5 жастағы ұлдарын іздестіруге көмек сұрап жүгінген.

Әйел адам кешкісін үйдің маңында бірге ойнап жүрген ұлдары жоғалып кеткенін хабарлаған.
Ата-аналары балаларын бір сағаттай көрші аулаларды аралап, өтіп бара жатқан адамдардан сұрастырып өз беттерінше табуға тырысқан, бірақ нәтиже бермеген.

Күршім аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы “дабыл” сигналы бойынша кәмелетке толмағандарды іздестіруге дереу бағытталды. Іздеу іс-шараларына бей-жай қарамайтын көршілер, ауыл тұрғындары мен еріктілер қатысты.

Ата-анасының өтінішінен кейін 40 минут өткен соң, жоғалған ұлдар үйден бір шақырым жерде табылған. Полицейлер балаларды ата-аналарына тапсырған, олар тәртіп сақшыларына көрсеткен көмектері үшін алғыс білдірген.

ШҚО полиция департаменті ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды. Балалардың қауіпсіздігі-бұл әр ересек адамның міндеті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру