ШҚО полицейлері 600-ден астам қаңғыбас малды айыппұл тұрағына қамады
ШҚО полицейлері үш күнде 600-ден астам қаңғыбас малды айыппұл тұрағына қамады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13-16 қыркүйек аралығында мал ұрлығының алдын алу және жолын кесу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті «Барымта» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
2022 жылы қабылданған шаралардың нәтижесінде мал ұрлау фактілері 7%-ға төмендегенін атап өткен жөн.
Облыстық жедел алдын алу іс-шарасын өткізуге 500 полиция қызметкері және ветеринариялық бақылау қызметінің 42 маманы жұмылдырылды.
Тәртіп сақшыларының іс-әрекеттерінің арқасында үш күн ішінде бұрын жасалған 5 мал ұрлығы анықталып, ашылды.
Мысалы, жедел алдын алу іс-шарасы барысында Глубокое ПБ-нің қызметкерлері құны 700 мың теңге тұратын жылқыны ұрлады деген күдікпен 60 жастағы барымташыны ұстады. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді, одан жауап алу кезінде ол өз кінәсін мойындады.
Қазіргі уақытта оның ұқсас қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері айыппұл тұрағына 600-ден астам қаңғыбас малды қамады, сондай-ақ , тәртіп сақшылары 32 малды тауып, заңды иелеріне қайтарды. Сонымен қатар, тиісті құжаттарсыз мал мен ет өнімдерін тасымалдау және сату (ӘҚБтК-нің 406-бабы) бойынша 22 бұзушылық анықталды.