Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері аягөздік интернет-алаяқты қолға түсірді

ШҚО полицейлері аягөздік интернет-алаяқты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың наурыз айының ортасында Аягөз ауданының ПБ-ге Атырау облысының 57 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түскен, ол Ақтоғай станциясының 40 жастағы тұрғынының танымал мессенджерлердің бірінде чат ашып, кейін сауда платформасы чатының негізін қалаушы ретінде өзін таныстырып, ондағы адамдарды салым жасауға үгіттегенін айтты. Ол жәбірленушіден 55 мың теңге мөлшеріндегі ақша сомасын алып, қаражатты үш күн ішінде 50% үстемемен қайтарамын деп сендірген.

Тамыз айында Аягөз АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері “Anti-fraud” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Ақтоғай станциясында тұратын алаяқты  қолға түсірді. Жауап алу барысында күдікті кәнісін мойындады. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары қаскөйдің құрбандарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде, себебі зардап шеккендер бірнеше есе көп болуы да мүмкін.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру