Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері есірткі қойып кетушіден жарты келі марихуана тәркіледі

ШҚО полицейлері есірткі қойып кетушіден жарты келі марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының ортасында ШҚО Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында ШҚО прокуратурасының үйлестіруімен облыс орталығының 37 жастағы тұрғынын ұстады.

Тінту барысында ұсталған азаматтың тұрғылықты жері бойынша өсімдік тектес заты бар полимер пакет пен термос табылып, тәркіленді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 687,57 грамм кептірілген марихуана болып шықты.

Қаскөйге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Есірткінің шығу тегі анықталуда.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған баптың санкциясымен 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру