Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер қолды болған 90 литр гербицидті иесіне қайтарып берді

СҚО-да полицейлер қолды болған 90 литр гербицидті иесіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақжар ауданындағы шаруашылықтардың біріндегі қоймадан 90 литр гербицид жоғалғаны анықталды. Шығын 540 мың теңгені құраған.

Шаруашылық иесі полицияға арызданып, ұрлық өткен жылы жазда орын алуы мүмкін екендігін атап өтті. Көп уақыт өткенімен, аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері күдіктілерді сол күні анықтады. Күдіктілер кәсіпорынның үш жұмысшылары болып шықты. Гербицидтердің қаптамасы күдіктілердің бірінің жерқоймасынан табылды. Күдіктілердің сөзіне қарағанда, олар гербицидті ауыл тұрғындарына сатпай, ауданнан тыс жаққа сатпақшы болған.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген болатын. Ұрланған мүлік заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта істің материалдары сот қарауына беру үшін жіберілді. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Еркін Махметов аталған қылмысты ашу және анықтау полицейлермен жүргізілетін мақсатты профилактикалық жұмыстың нәтижесінде мүмкін болғанын атап өтті.

– Диқаншылардың мүлкін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау – астық егетін аймақтағы полицияның жұмысындағы маңызды міндеттердің бірі. Қауіпсіздік құрылымы кәсіпорындармен және халықпен өзара іс-қимыл жасауға негізделген. Егін егу және астық жинау кезеңдерінде ауылдық жердегі полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді. Сондай-ақ, шаруашылықтардың иелерімен қол сұғушылықты анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіледі, сондай-ақ кәсіпорынның техникалық нығайтылуына қатысты кеңес беріледі, – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру