Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері пәтер ұрыларын ұстады

ШҚО полицейлері пәтер ұрыларын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрланған алтын бұйымдардың бір бөлігі тәркіленді. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері облыс орталығында ұрлық жасау мақсатында басқа өңірлерден келген бұрын сотталған екі ер адамды анықтаған.

Қаңтар айының басында қылмыскерлер өздерінің қылмыстық ойын іске асыру мақсатында Өскемендегі үйлердің біріне кіріп, алтын бұйымдар мен күзен тонды ұрлаған. Кейіннен ұрланған заттардың бір бөлігі жалдамалы пәтерден тәркіленген. Олар алтын бұйымдарды тиісті жерлерге өткізіп, ал түскен ақшаны жұмсап үлгерген.

Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілердің біреуі соттың санкциясымен қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру