Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері қар құрсауында адасып қалған екі балықшыны құтқарды

ШҚО полицейлері қар құрсауында адасып қалған екі балықшыны құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО полицейлері қар құрсауында адасып қалған екі балықшыны құтқарды. Іздестіруге мамандандырылған қызметтердің ауыр жол техникасы қажет болды. Полицияға жедел қоңырау облыс орталығы тұрғындарының бірінен келіп түскен, ол күйеуі мен оның досы 7 қаңтарда балық аулауға барғанын, бірақ қайтар жолда ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жол бағдарынан адасып, қалың қар құрсауында қалғанын айтқан.

Полиция қызметкерлері қар басып қалған жолға және жолдың көріну мүмкіндігінің нашарлығына қарамастан дереу іздеуге кіріскен. Тәртіп сақшылары Күршім өткелінің жағалауын және балықшылар болуы мүмкін жерлерді қарап шықты, ал ауыр жол техникасы осы уақытта жолдың қажетті бағытын тазартты. 8 сағат өткенен кейін көлікпен бірге қар құрсауында қалған балықшылар табылды. Қазір олардың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру