Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері үйінен кетіп қалған 15 жастағы қызды тапты

ШҚО полицейлері үйінен кетіп қалған 15 жастағы қызды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 мамырда Шемонаиха полиция бөлімінің кезекші бөлімі 102 арнасына жергілікті 39 жастағы тұрғын жүгініп, тәртіп сақшыларына оның 15 жастағы қызы 12 мамырда сағат 21.00-де үйден шығып, сол сәттен бастап байланысқа шықпағаны туралы хабарлады.

Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұржан Түгелов бастаған жедел-тергеу тобы барды.

Шемонаиха АПБ-ның барлық жеке құрамы 15 жастағы қызды іздеуге бағытталды. Бірнеше сағат бойы тәртіп сақшылары жасөспірімнің баруы мүмкін болатын жерлерін, көшелерді, Уба өзенінің жағасын, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланың достарын аралап шықты.

Ұйымдастырылған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қыз өзінің танысының үйінен табылған. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін белгілер анықталған жоқ. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар кәмелетке толмаған жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Кәмелетке толмаған баланың анасы Шемонаиха ауданы ПБ-ның қызметкерлеріне оның баласын іздестіруде көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру