ШҚО полицейлері ұрланған 25 жылқыны иесіне қайтарды
ШҚО полицейлері ұрланған 25 жылқыны иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 қыркүйекте Тарбағатай ауданының ПБ-ға жергілікті тұрғын еркін жайылымнан 36 жылқы ұрланғаны туралы өтініш білдірген. Дереу тергеу-жедел тобы құрылып, оны Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері басқарған.
22 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрланған малдың бір бөлігі анықталған. Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу мақсатында аталған мал жем-шөп базасының аумағына уақытша орналастырылды.
Қазіргі уақытта жәбірленушіге 25 мал қайтарылды, сондай-ақ Тарбағатай ауданының басқа тұрғындарынан ұрланған мал табылды. Барлығы 47 мал тәркіленді.
Ұрланған малды анықтау мақсатында фото-кестелер мен бейне-материалдар дайындалған, оларды айрықша белгілері бойынша тануға болады. Аталған материалдар әлеуметтік желілерде орналастырылған.