Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері “Жасөспірім” ЖПІШ барысында 185 құқық бұзушылықты анықтады

ШҚО полицейлері “Жасөспірім” ЖПІШ барысында 185 құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО-да 22-24 қыркүйек аралығында “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер қылмысының алдын алу және білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу.

Үш күн ішінде 185 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында масаң күйде болған 12 жасөспірім анықталды.

22 қыркүйекте Ұлан ауданында 15 жастағы кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдіктерді ішу фактісі анықталды. Оның заңды өкілі ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 2-бөлігі (Он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ ЖПІШ өткізу кезінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілсіз жүргені үшін 125 заңды өкіл жауапқа тартылды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауының 30-дан астам фактісін тіркеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру