Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО Полиция департаменті мен Өскемен әкімдігі меморандумға қол қойды

ШҚО Полиция департаменті мен Өскемен әкімдігі меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пилоттық жобаны іске асыру аясында 13 сәуір Полиция департаменті мен Өскемен қаласының әкімдігі арасында зорлық-зомбылық құрбандарына кешенді көмек көрсету бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Президент әйелдер мен балалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі күні бұл бастаманы жүзеге асыру кешенді мемлекеттік шараларды қабылдауды талап етеді, осыған байланысты Ішкі істер министрі жұмыс істеп тұрған дағдарыс орталықтарында сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарына жан-жақты көмек көрсету орталықтарын құру мәселесін көтерді.

– Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, көптеген елдерде арнайы құрылған орталықтарда сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарына  тиісті қолдау көрсетіледі, онда зардап шеккен әйелдер мен балаларға түрлі мамандар жан-жақты көмек көрсетеді. «Үлбі» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарына көрсетілетін көмек қайта психологиялық соққы алудың алдын алуға айтарлықтай әсер етеді, сонымен қатар мән-жайларды толық және уақтылы анықтауға ықпал етеді,-деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру