Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ҚАЖД-да жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық дәріс өтті

ШҚО ҚАЖД-да жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық дәріс өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде департамент басшылығының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық дәріс ұйымдастырылды.

Іс-шараға ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Рүстем Тұңғышбаев қатысып, ал дәрісті Қазақстан Республикасы ІІМ Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ғабит Төрежанов жүргізді.

Кездесу барысында Ғабит Есенгелдіұлы қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, қызметтік тәртіпті сақтау мен кәсіби әдеп қағидаларының маңызын жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар жемқорлық құқық бұзушылықтарының кең таралған түрлері, олардың құқықтық салдары және заңда көзделген жауапкершілік мәселелері нақты мысалдар арқылы жеткізілді.

Дәріс барысында қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы орындау, атқарушылық тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қатаң сақтау және әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қызметкерлерге құқық қорғау органдарындағы кез келген заң бұзушылықтың салдары ауыр болатыны, ал сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің бұлтартпайтыны ескертілді.

Өз кезегінде, ҚАЖ департаментінің бастығы Рүстем Тұңғышбаев қызметкерлердің заң талаптарын бұлжытпай орындауы, жоғары кәсіби мәдениет пен адалдық қағидаттарын ұстануы – қылмыстық-атқару жүйесіне деген қоғам сенімін арттырудың басты кепілі екенін атап өтті.

— Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігінен басталады. Мұндай профилактикалық кездесулер заң талаптарын еске салып қана қоймай, жеке құрам арасында жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, – деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ресми өкілі Салтанат Ожиканова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру