Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ҚАЖД мекемесінде «Үміт-2021» байқауының қорытындысы шығарылды

ШҚО ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінде жазасын өтеушілердің арасында «Үміт-2021» байқау конкурсы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Конкурста барлығы 12 сотталған қатысып, өз қолдарымен жасаған сурет пен қолданбалы өнер бұйымдарын көрсетті. Байқауда жазасын өтеушілердің арасынан алты адам іріктеліп, тек үздік жасалған қолөнер бұйымдары таңдалып алынды.

Конкурс белгілі бір тақырып пен номинациямен шектелмеген. Барлық қатысушылар батыл қиялдап, өздерінің шығармашылық таланттарын шеберліктің әртүрлі нұсқаларында көрсете білді.

– Мен осы байқауға жыл сайын қатысып келемін, менің қолөнер бұйымдарым әртүрлі материалдардан жасалады. Осы жолы өз қолыммен ағаштан кеменің моделін жасадым. Мен өзімді «Өмір» атты кемеде жүзіп келе жатқандай сезінемін, сол себепті ағаштан кеме жасауды ұнатамын, – деді 10 жылға бас бостандығынан айырылған сотталған.

– Мен сурет салуды бала кезден ұнатамын, маған пейзаж салған ұнайды. Табиғаттың түрлі құбылыстарын да салумен айналысамын, осы байқауға мен де жыл сайын қатысып келемін, – деп атап өтті 9 жыл бас бостандығынан айырылған сотталған.

– Қолөнермен айналысу бұл терапияның бір түрі және де мазасыздықты жеңуге көмек тигізеді. Темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқандардың арасында қолөнермен айналысу маңызды болып есептеледі. Байқауға қатысқан барлық сотталғандар мекеме бастығының құқығымен алғыспен марапатталады, – деп айтып өтті сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлім бастығы Олжас Ахметбек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру