Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер аса ірі көлемде гашиш өткізген күдіктіні ұстады

СҚО-да полицейлер аса ірі көлемде гашиш өткізген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қыркүйекте Петропавлда Абай көшесінің бойында полиция қызметкерлері есірткі өткізді деген күдікпен бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған 34 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Жедел іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан екі келіге жуық гашиш тәркіленді. “Есірткі заттары, олардың тектестері мен прекурсорларының жиынтық кестесіне” сәйкес бұл аса ірі көлеміне жатады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты қамаққа алу түріндегі шара тағайындалды. 

– Баптың санкциясына сәйкес күдікті 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Еске саламыз, есірткіні өткізгені үшін заңнамамен қатаң жауапкершілік көзделген. Барлығы жыл басынан облыста 139 есірткі қылмысы, оның ішінде 35 өткізу фактісі анықталды. 287 келіге жуық түрлі есірткі заттары, оның ішінде 4 келі 130 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді, – дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығы Жандос Басыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру