Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері интернет алаяқтықтың 40 эпизодын тергеуде

СҚО полицейлері интернет алаяқтықтың 40 эпизодын тергеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер сериялық интернет алаяқтықты тергеуді жалғастыруда. Күдікті 32 жастағы оңтүстік астананың тұрғыны тамыз айының ортасында криминалдық полиция қызметкерлерімен ұсталды. Сол кезде ол сегіз эпизод бойынша кінәсін мойындап жауап берген, алайда жедел уәкілдер ер адамның біраз дүниені бүккенін анықтады.

Жәбірленушілердің көбі әлі де полицияға жүгінбеген. Қызметтік іссапар барысында жедел уәкілдер Қостанайда, Ақмола мен Павлодар облыстарының түрлі қалаларында отызға жуық эпизодты анықтады. Петропавлда тағы басқа жәбірленушілер де табылды. Осылайша, бүгінгі таңда іс бойынша 40 эпизод тіркелді. Келтірілген шығын сомалары әр түрлі 15 мың мен 100 мың теңгенің аралығында. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

– Қылмыс кибер қылмыскерлердің арасында кең тараған сценарий бойынша жасалған. OLx.kz белгілі сайтында төмен бағалармен автокөліктерге арналған қосалқы бөлшектерді сату туралы хабарландыру орнастырылған. Сайт әкімшілігі интернет алаяқтық қаупі туралы ескертулер орналастырғанына қарамастан, бірнеше желі қолданушы айлаға бой алдырып жатады. Алдын ала төлем алғаннан кейін қаскөй байланысқа шығуын қояды. Адамдардан интернет арқылы сауда жасау кезінде абай болуды сұраймыз. Тауар мен қызметтер үшін алдын ала төлем жасау талабына келіспеу қажет. Ұсынылған тауардың нақты барына көз жеткізу үшін сатушыдан қосымша бейне шолу жасауды сұраңыз, бұл шолуда міндетті түрде сақталуға тиісті шарт қойыңыз, – деп хабарлайды СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Пётр Климов.

Жыл басынан полицейлер СҚО-да 83 интернет алаяқтықты ашты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру