Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлермен және жеке күзет ұйымдарымен қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша 7 оқу сабағы өтті

СҚО-да полицейлермен және жеке күзет ұйымдарымен қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша 7 оқу сабағы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер жеке күзет құрылымдары қызметкерлерінің көмегімен тоғыз қылмыс пен 100 аса әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Күзетшілер жұмысының полиция қызметіне ұқсас тұстары бар: күзетшілер патрульдік полицейлер сияқты тәуліктің кез келген уақытында дабыл сигналы бойынша келуге дайын, қылмыскерлерді ұстайды және оларды кезекші жедел-тергеу тобының офицерлеріне береді. Күзетшілер – жеке құрылымдарының қызметкерлері және өз объектілері шегіндегі тәртіпке жауап береді.

СҚО ПД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Руслан Данияровтың айтуынша, облыс бойынша есепте 115 жеке күзет ұйымы тұр. Күзетшілердің саны 1663 адам. Олар 4955 объектіні күзетеді, адамдар күзететіні – 496, орталықтандырылған бақылау пульті арқылы – 4459 кеңсе, жеке пәтерлер мен үйлер.

Күзетшілердің әлеуеті криминал көріністеріне тиімді қарсы тұруға мүмкіндік береді: 17 жеке күзет ұйымы мобильді тобының 32 экипажы жеке күзет фирмаларының орталықтандырылған бақылау пультінен келіп түскен дабыл сигналдарына ден қоюды жүзеге асырады. Бұдан бөлек, 46 күзет құрылымының 730 күзетшісі бірнеше жылдан бері қоғамдық тәртіпті күзетуге тартылуда. Руслан Данияровтың айтуынша, бұл тиімді көмек көрсету болып табылады: күзетшілер қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесуде қызметкерлерге қолұшын бере отыра, күн сайын патрульдеуге шығады.

Сонымен қатар барынша тиімді іс-қимыл жасау үшін СҚО ПД Күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлері ұдайы негізде “Күзетілетін объектіде дабыл немесе күзет сигнализациясының іске қосылуы” жоспары бойынша оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастырады. Сабақ жеке күзет ұйымдарының жедел ден қою топтарының экипаждары мен полиция бөліністерінің кезекші нарядтарының бірлескен әрекеттерін шыңдауға септігін тигізеді. Пысықталған сценарий – күзетілетін түрлі объектілерге “шабуыл жасау” және қылмыстарды “ізін суытпай” ашуда іс-қимыл жасау.

 – Жыл басынан түрлі меншік нысанындағы объектілерде: авто жанар-жағармай құю станцияларын, қару дүкендері, ломбардтар, қару бөлмесінде жеті оқу-жаттығу сабағы өткізілді, – дейді Руслан Данияров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру