Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер аккумулятор ұрлаумен айналысқан күдіктілерді ұстады

Шымкенттік полицейлер аккумулятор ұрлаумен айналысқан күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы уақытта азаматтардан аккумулятор ұрлығы туралы арыз-шағымдар жиі түсті. Ұрлық түнгі мезгілде, әсіресе, дабыл белгісі жоқ автокөліктерде жиі болған.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде төрт күдіктіні ұстады. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай айғақтар тәркіленді.

Сонымен қатар күдіктілердің бұрын қала аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру