Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс полицейлері балалар арасында асфальтта сурет салу байқауын өткізді

Ертіс полицейлері Отбасы күніне орай балалар арасында асфальтта сурет салу байқауын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасы күні қарсаңында Павлодар облысы Ертіс ауданының полицейлері “Алмалы бақ” аумағында “Бақыт – бұл…” тақырыбында балалардың асфальтта сурет салу байқауын ұйымдастырды.

Суреттерде балалар сүйікті отбасымен байланысты барлық жағдайдарды мұқият суреттеді, өйткені әр бала үшін отбасы мүшесі болу және отбасында өмір сүру өте бақытты сезім.
Конкурстың жас қатысушыларының жасы алты жастан бастап сегіз жасқа дейін.

– Сурет салу процесін бақылау қызықты болды: балалардың барлығы да өздеріне тән ерекшелікпен, құштарлықпен сурет салғандарын, түрлі түсті бояуларды таңдағандарының өзі бір ерекше көрініс. Көптеген түрлі эмоциялар, жан толқытарлық сәттер. Мысалы, жеті жасар Еркеназ анасына деген махаббаты мен сүйіспеншілігін көрсетіп, кемпірқосақты салса, сегіз жасар Нұрхан үлкен жүректі бейнелеп, жүректің ішінде өзінің атасы мен әжесін салды. Конкурс соңында әр қатысушы тәтті сыйлыққа ие болды, – деді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Әмір Сәдуақасов.

Тәртіп сақшылары барлығына белсенді қатысқандарыы үшін алғыс айтты. Байқаудың барлық қатысушылары да, ұйымдастырушылар да сергектік қуат алып, көп әсер мен позитивті эмоциларға бөленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру