Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары қызметкерлердің ата-аналарына алғыс жариялады

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінде Отбасы күніне арналған мерекелік іс-шараға қызметкерлердің ата-аналары қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖ департамент бастығының орынбасары Қайрат Шонаев келген қонақтарды мерекемен құттықтап, ерекше көзге түскен, жетістікке жеткен қызметкерлердің ата-аналарына алғыс хат табыстады.

Сондай-ақ жеке құрам арасында қызығы мен қиыны мол жұмыспен қатар отбасындағы саналы ұрпақ тәрбиелеуде, әкелік-аналық міндеттерін адал атқарып жүрген көпбалалы отбасыларға алғыс жариялады.

Шара әрі қарай ата-аналардың жүрек жарды тілектерімен жалғасын тапты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру