Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны көлігінде 20 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған

ШҚО тұрғыны көлігінде 20 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында 22 ақпанда ШҚО ПД патрульдік қызмет ротасы қызметінің инспекторлары Алматы-Өскемен республикалық тас жолының 969 шақырымында Катонқарағай ауданының 68 жастағы тұрғынының басқаруындағы Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатқан.

Көліктің жүксалғышын тексеру кезінде полиция қызметкерлері тиісті құжаттары жоқ, жалпы салмағы 20 келіден асатын екі қап балық тапқан.

Анықталғандай, жүргізуші таныстарының өтініші бойынша балықты Катонқарағай ауданы Большенарым ауылынан Алматы қаласына апара жатқан, алайда тасымалданатын балыққа тиісті құжаттардың болу қажеттілігін білмегенін түсіндірген.

Аталған факті бойынша 68 жастағы жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ер адамға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру