Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда екі ер адам ломбард қызметкерлерін алдап, тонап кеткен

Алматыда екі ер адам ломбард қызметкерлерін алдап, тонап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға ломбард қызметкерлерінің бірнеше арызы түскеннен кейін, Алматы облысының 24 жастағы тумасы мен оның 20 жастағы “серігі” ұсталды.

– Қаскөйлер қаланың үш ауданында: Алатау, Әуезов және Медеуде “өз іздерін қалдырып” кеткен. Күдіктілер ломбардқа кіріп, сатылымда тұрған ұялы телефондарды тексеру үшін көрсетулерін сылтауратып, қолдарына ұстай сала қашып кеткен. Кейбір жерлерде олардың заңсыз әрекеттері бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қазіргі уақытта ұсталғандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың 5 дерегі дәлелденді. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізілуде, – деді Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев.

Белгілі болғандай, ұсталғандардың бірі осыған ұқсас қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан түрмеден жақында босап шықты.
Полиция қызметкерлері аталған азаматтардың әрекетінен зардап шеккендерді мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 8-707-882-03-98; 8-747-167-60-60.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру