ШҚО тұрғыны қалтасына кастет салып жүргені үшін 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны қалтасына кастет салып жүргені үшін 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың қаңтар айында Шығыс Қазақстандық 46 жастағы азаматты қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені үшін полиция қызметкерлеріне ұсталған. Тексеру кезінде азаматтан қорғасыннан құйылған кастет табылып, тәркіленген. Кастетті қорғасыннан құйып, өзі пайдалану үшін жасағандығы белгілі болды.
– Өзімен бірге суық қару алып жүргені үшін сот оған 80 сағаттық қоғамдық жұмыс тартып, үкім шығарған. Пробация қызметіне тіркеуге тұрып, ол қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті әкімшілікке жолданып, екі апта ішінде 60 сағат қоғамдық жұмысын өтеді, – деді облыстық департамент бастығының орынбасары Ғалымжан Балтабаев.