Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО жол қозғалысы жас инспекторлар отряды Минскіден жеңіспен оралды

Шығыс Қазақстан командасы жол қозғалысы жас отрядының 50-республикалық слетінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23-27 мамыр аралығында Минскіде өткен мерейтойлық слет-конкурсқа облыстық және Минск қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары атанған командалар, сондай-ақ құрамында 10-17 жас аралығындағы Ресей Федерациясы мен Қазақстанның жасөспірімдері қатысты.

Аталған конкурста Қазақстан Республикасын 2022 жылғы ЖЖҚИ республикалық слетінің жеңімпаздары – Өскемен қаласынан келген жас инспекторлар жасағы бой көрсетті.

Слет-конкурс аясында балалар оқу бағдарламасына қатысып, жол жүрісі қағидаларын білулеріне теориялық емтихан тапсырған. Зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету дағдыларын, нақты жол қозғалысына ұқсас жағдайларда велосипед жүргізумен қатар, «Жолда» сюжеттік-рөлдік ойынында өздерін көрсетіп, қазылар алқасының сотына өздерінің шығармашылық таланттарын ұсынды.

Мерекенің соңы жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталды.

Жалпы есептік қорытынды бойынша «Aq jol» балалар-жасөспірімдер клубында оқитын Өскемен қаласының жас жол инпекторлары бірінші жүлделі орынға ие болды.

Жеңімпаздар үйге сыйлықтармен, медальдармен, грамоталармен және жеңімпаз кубогымен оралды.

– Мұндай халықаралық жарыс балалардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлық туралы білімдерін тексеріп қана қоймай, бір іске қызығушылық танытатын балаларды біріктіруге, достасуға мүмкіндік берді. Өз білімін іс жүзінде көрсете отырып, жолда жауапкершілікті алуға үйренеді. Мұның бәрі ішкі істер органдарының қызметкерлеріне көп көмек береді. Тағы да барлығыңызды жеңіспен құттықтаймын!, – деп атап өтті ШҚО ПД ЖПҚБ бастығы Талғат Нүриев .

Жас жол қозғалысы инспекторлары отрядтарының қызметі еліміздің әр түкпірінен келген талантты ұлдар мен қыздарды біріктіріп келеді, олардың үлгі көрсетуі жолдардағы балалардың өмірін сақтауға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру