Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шу тұрғыны Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды атып өлтірген

Шу тұрғыны Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды атып өлтірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы ауданның Шоқпар ауылына қарасты Бел станциясы маңында құрып кету қаупі бар сирек кездесетін жануарларды атқан азаматтарды ұстады.

49, 50 және 61 жастағы жергілікті үш тұрғын Қызыл кітапқа енгізілген, аулауға тыйым салынған қарақұйрықтарды атыс қаруымен атқан. Олардың Mitsubishi Pajero автокөлігін тінту кезінде үш бірлік аңшы қаруы, 70 оқ және көліктің жүксалғышынан бес қарақұйрықтың денесі, жарық шамы табылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот сараптамалары тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру