Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шуда оқ-дәрі салынған сөмке табылды

Шуда оқ-дәрі салынған сөмке табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатында Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен “Қару” іс-шарасы аясында Шу қаласының темір жол өткелінің жанында орналасқан қараусыз қалған ғимараттан сөмке табылды.

Табылған сөмкенің ішінен 12 калибрлі ИЖ екі ұңғылы тегіс ұңғылы мылтық, 12 калибрлі ТОЗ-63  кесілген қос ұңғылы мылтық, жарық шу гранатасы, 91 түрлі калибрлі патрон, 1 жұп тізе таңғыш және дене сауытының қабы табылды.

– Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі (Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және сараптама тағайындалды, – деді ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру