Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Шұғыл қоңырау қажет»: Қарағандыда алаяқ ұсталды

Қарағандыда «шұғыл қоңырау шаламын» деп тұрғынды алдап кеткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қыркүйекте 57 жастағы қала тұрғыны Қарағанды ​​қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне жүгінді. Ол белгілі бір алаяқтың құрбаны болғанын жеткізді.

Жәбірленуші көпқабатты үйдің ауласында болған кезде бейтаныс адам келіп, шұғыл қоңырау қажет екенін түсіндіріп, ұялы телефонды сұраған. Ұялы телефонды алған соң, үйлердің арасына жасырынып қашып кеткен. Келтірілген шығын тоғыз мың теңгені құрады. ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

16 қазанда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 32 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру