Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысы бойынша пробация қызметінің қызметкерлері сотталғандарға көмек көрсетті

Өскемен қаласында «Антарес» қоғамдық қоры мен қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға Өскемен қаласының автобустарында тегін жол жүру билеттерін таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл акция аясында пробация қызметінің есебінде тұрған көп балалы өмірлік қиын жағдайға тап болған сотталғандарға көмек ретінде қоғамдық көліктерде жүруге тегін билеттер таратылды.

Қайырымдылық іс-шарасының нәтижесінде 100 сотталған азаматқа қараша айында 100 дана жол жүру билеті тегін берілді.

2020 жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарға 5 000 мыңға жуық әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру