Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп” іс-шарасы аясында сот үкімімен белгіленген міндеттерді орындамағаны үшін төрт сотталған азаматқа ескерту жасалды

Қызылордада пробация есебінде тұрған төрт сотталған азаматқа ескерту жасалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көшелерде және қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу мақсатында республика аумағында 2020 жылғы 26 қазан – 1 қараша аралығында “Құқықтық тәртіп” жедел -алдын алу іс – шарасы өтті.

Шара барысында Қызылорда қалалық пробация қызметі, облыстық және қалалық прокуратура қызметкерлері, жергілікті полиция қызметінің полиция инспекторлары бірлесіп, пробация есебінде тұратын сотталған азаматтарды тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді.

“Құқықтық тәртіп” іс-шарасы өткізілген жеті күн ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған 300-ге жуық сотталған азаматтың тұрғылықты мекенжайы, жұмыс орны бойынша тексеру жүргізіліп, қылмыстың алдын алу мақсатындағы әңгімелесулер өткізіліп, төрт сотталған азаматқа сот үкімімен белгіленген міндеттерді орындамағаны үшін ескерту жасалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру