Шығысқазақстандықтың салынып жатқан жазғы ас үйінен қару-жарақ табылды
Шығысқазақстандықтың салынып жатқан жазғы ас үйінен қару-жарақ табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлан ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері қаруды заңсыз сақтады деген күдікпен ер адамды ұстады.
Мәселен, «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында тәртіп сақшылары Манат ауылының 59 жастағы тұрғынын ұстады. Оның салынып жатқан жазғы ас үйінен кідіріссіз тінту жүргізу кезінде ТОЗ-8 мылтығы мен 20 патрон табылып, тәркіленді.
Маманның қорытындысына сәйкес, ойық атыс қаруы, атап айтқанда 5.6 мм калибрлі ТОЗ-8 үлгісіндегі ұсақ калибрлі бір зарядты винтовка, бұл мылтық зауыттық тәсілмен дайындалған және 5,6 мм калибрлі сақиналы тұтану патрондарымен атуға жарамды. Қаскөйден алынған патрондар спорттық-аңшылық мылтықтан атуға арналған, 5,6 мм калибрлі ойық атыс қаруы, яғни қарудың аталған түріне арналған оқ-дәрілер. Жауап алу кезінде күдікті өз кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.