Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері алматылықтың сөмкесінен қару мен оқ-дәрілер тапты

Шымкент полицейлері алматылықтың сөмкесінен қару мен оқ-дәрілер тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметі басқарамсы патрульдік полиция полкінің инспекторларын Б.Момышұлы мен Желтоқсан көшелерінде патрульдеу кезінде такси жүргізушісі көмек сұрап, тоқтатады. Яғни, көлігіне мінген азаматтың қол сөмкесінде қаруы барын байқап, күмән тудырғаны жөнінде айтады.

Осылайша, бұл жайтқа бей-жай қарамаған жүргізушінің хабарламасы сол арада дереу назарға алынды. Алған мәліметтерге шұғыл ден қойған тәртіп сақшылары жолаушы түскен жерден бастап бірден іздеу жұмыстарына кіріседі.

Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы алматылық тұрғын анықталды. 39 жастағы ер адам Абай ауданы Полиция басқармасына жеткізілген. Тергеу барысында анықталғандай, азамат бұрын бірнеше рет сотты болған екен.

Қазіргі таңда ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен (Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру