Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері мектепте заңды құқықтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Шымкент полицейлері мектепте заңды құқықтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта отбасындағы зорлық-зомбылық ең өзекті мәселелердің бірі саналады. Бұл жағдай баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына кері әсер етуі мүмкін.

Осы ретте Еңбекші ауданы Полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Жұлдыз Тасқұлова мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында балаларға отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы олардың заңды құқықтары түсіндірілді.

Полиция қызметкері оқушыларға мұндай жағдайларда олар әрдайым мектеп психологына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға жүгіне алатындығын еске салды.

– Тұрмыстық зорлық – бір адамның екінші адамға немесе туыстарының бірінің екінші туысына зорлық-зомбылық, зәбір көрсетуі. Отбасылық қарым-қатынастағы құқыққа қайшы әрекеттердің басым бөлігі жасырын түрде қалып қалады. Сондықтан бұл жағдайда қорықпастан, міндетті түрде «102» арнасына немесе «111»,  «150» қауырт желілеріне хабарласу қажеттігін ескертеміз, – деді полиция қызметкері Ж.Тасқұлова.

Сөз соңында оқушылар арнайы мамандарға сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру