Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері өрт шыққан көпқабатты үйден тұрғындарды эвакуациялауға көмектесті

Шымкент полицейлері өрт шыққан көпқабатты үйден тұрғындарды эвакуациялауға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қараша түнде полиция департаментінің “102” арнасына Нұрсәт шағын ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірден патрульдік полиция полкінің қызметкерлері мен Қаратау АПБ-ның учаскелік инспекторлары барды.

Тәртіп сақшылары ойланбастан түтінге оранған ғимараттың ішіне кіріп, тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Инспекторлар түтін басқан пәтерлерден кішкентай балаларды көтеріп алып шықты.

Осылайша, полицейлер үйдегі барлық тұрғынды жедел әрі ұйымдасқан түрде сыртқа шығарды. Қазір олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Өрт сөндірушілер өртті толығымен сөндірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру