Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент қаласы ПД көші-қон саласы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуде

Шымкент қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері азаматтарға көші-қон саласы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселен:

1) Өзбекстан Республикасының азаматтығынан шығуды ресімдеген, Өзбекстан Республикасының азаматшасы Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін Шымкент қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасына Қазақстан Республикасының азаматтығын алу және одан әрі әрекет ету мәселесі бойынша жүгінді.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері аталған азаматшаға келесідей түсініктеме жасады, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 16-бабына сәйкес азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу қажет, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш жасауға құқығы бар, қарау мерзімі алты айды құрайды.

2) Қазақстан Республикасының азаматы Өзбекстан Республикасының азаматы болып табылатын жұбайына Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу және ол өзінің төлем қабілеттілігін растауы тиіс пе деген сұрақпен жүгінді – Көші-қон қызметінің қызметкерлерімен мұндай рұқсатты алу үшін жұбайына шетелде тұрақты тұруға рұқсат беретін мемлекеттің жазбаша келісімін, кету парағын немесе Өзбекстан Республикасының құзыретті органы берген азаматтық тиесілілік және тұрақты тұру мемлекетінде соттылығы (соттылығының болмауы) туралы құжатты ұсыну қажеттігі. Сондай ақ, Қазақстан Республикасының азаматымен неке туралы куәлік болған жағдайда, оның жұбайына өзінің төлем қабілеттілігін растау талап етілмейтіндігі жайында түсіндірілді.

Барлық сұрақтар бойынша 97-63-37, 97-63-34, 97-63-13, 97-62-55 телефондары арқылы хабарласуға немесе электрондық поштаға сұраныс жіберуге болады: shymkentmigraciya@gmail.com

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру