Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент қаласында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Шымкент қаласында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасында жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылғы 9-20 наурыз аралығында Шымкент қаласы аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шара өткізу кезеңінде Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Шымкент қаласы бойынша көлік прокуратурасының қызметкерлері және басқа да қоғамдық өкілдерінің қатысуымен бірлескен топтар жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында, жол ережесін қасақана өрескел түрде және жол-көлік оқиғаларына тікелей әсер ететін құқықбұзушылықтарды: тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару, техникалық байқаудан өтпеу, бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, авариялық жағдай туындату, теміржол өтпелерінен өту қағидаларын бұзу, қауіпсіздік белдігін қолданбау, ұялы телефон мен рация пайдалану, басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзу, автокөліктерді мас күйде басқару, қозғалыстың қарсы жолағына шығу, көше қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өтпесін өту, көлік құралдарының терезелерін күңгірттеп басқару жағдайларымен байланысты жасалған жайттарын анықтауға бағытталған жұмыстар іске асырылады.
Іс-шараның 1-күнінде автокөлік жүргізушілермен жасалған жалпы 944 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде :
– ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі (Күңгірттеу)–67;
– ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (КҚ міндетті техникалық байқаудан өтпеу) – 18;
– ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (Ұялы телефон пайдалану) – 48;
– ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігі (Қауіпсіздік белдігін пайдалану) – 84;
– ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (Маневр ережесін бұзу) – жеті;
– ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі (Қозғалыстың қарсы жолағына шығу) – екі;
– ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы (Бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кету) – сегіз;
– ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы (Жаяу жүргіншіге басымдық бермеу) – екі;
– ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы (Авариялық жағдай туындату) – бір;
– ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Көлік құралын мас күйде басқару) – екі;
– ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы (Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруы) – бір;
– ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы (Жаяу жүргінші) – 62;
– Айыппұл тұрағына қойылған көлік құралдарының саны – сегіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру