Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент қаласының аумағында жеңгетайлықтың 7 дерегі анықталды

Шымкентте жеңгетайлықпен айналысқандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 27 тамыздағы нұсқаулығына сәйкес Республика көлемінде «STOP-Трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – адам саудасының жолын кесіп, осы бағыттағы қылмыстарды жедел анықтау.

Шымкент қаласының аумағында»STOP-Трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша жеті дерек анықталып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру