Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы журналистерді мерекесімен құттықтады
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов журналистерді төл мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Сіздерді 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Жедел әрі шынайы ақпарат тарату, мәселеге байланысты журналисттік зерттеу жүргізу аса зор жауапкершілік пен шеберлікті талап етеді. Ел өмірінің әрбір жетістігі сіздердің назарларыңыздан тыс қалған емес. Өздеріңізге аян Полиция қызметі тәуліктің кез-келген уақытында шұғыл әрекет ету, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жұмыс істейді. Сіздердің арқаларыңызда құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысы үнемі халық назарында. Қоғам шынайы әрі объективті ақпарат алып отыр. Қазақстан Полициясының оң имиджін қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз үлкен. Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде әрбір телеарна, радио, газет-журналдар мен электронды басылым өкілдерінің өзіндік орны бар.
Қызмет бабында қауіп-қатермен бетпе-бет келіп, шынайы ақпарат тарату үшін аянбай еңбек етіп жүрген нағыз, өз ісінің маманы, кәсіби, шебер журналистерге алғыс айтамын. Сіздерді 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық тілеймін! Әрдайым абырой биігінен көрініңіздер! Мереке құтты болсын!
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов.