Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент қаласының тұрғыны Анықтау басқармасына алғысын білдірді

Шымкент қаласының тұрғыны Бақыткүл Сарбасова Шымкент қалалық Полиция департаментінің Анықтау басқармасына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нақтырағы биыл мамыр айында жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болған інісіне қатысты қылмыстық істі тез арада сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп, заңды процестік шешім қабылдап, сотқа жолдағаны үшін анықтаушыларға рахметін айтты.

– Мен Бақыткүл Сарбасова 1987 жылы туған інімді 22 мамыр күні жылы сағат 18:40 шамасында Х.Пазикова көшесінде жүргізуші өзінің автокөлігімен қағып кеткен болатын. Сол күні інім әр түрлі дене жарақаттарымен Шымкент қалалық клиникалық №1 ауруханасының жан-сақтау бөліміне түсіп, 26 мамырда таңға жуық аталған ауруханада қайтыс болды. Бастапқыда жүргізуші менің інімді қақпағанын айтып жеткізген. Алайда Шымкент ҚПД Анықтау басқармасының анықтаушысы Мұстафа Бахтияр мен Анықтау басқармасының жол көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізу бөлімінің бастығы Мадияр Мантеев қылмыстық іс бойынша толыққанды сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп, тергеу барысында жүргізушінің кінәсін дәлелдеп, сотқа істі жолдаған болатын. Соттың шешімімен кінәлі тұлғаның екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Осы қылмыстық іске қатысты тергеу амалдарын жүргізген Шымкент қалалық Полиция департаментінің Анықтау басқармасының қызметкерлеріне алғысым шексіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру