Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент сақшылары бір сағат ішінде жоғалып кеткен қызды аман-есен тапты

Шымкент сақшылары бір сағат ішінде жоғалып кеткен қызды аман-есен тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 19 наурызында Шымкент қаласы Полиция департаменті “102” сымтетігіне жергілікті азаматша хабарласып, бір сағат бұрын жасөспірім қызының жоғалғанын айтып көмек сұраған. Анасы қызын өздері жан-жақты іздеп таппағаннан кейін, полицейлердің көмегіне жүгінген.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің 3-рота қызметкерлері Нұрғали Рахимов мен Нурислам Жанбатыров өздерінің бекітілген аумақтарында қызмет атқару барысында жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілген.

Тәртіп сақшылары полиция инспекторлары сол маңдағы барлық көшелер мен аулаларды мұқият қарап шығып, өтіп бара жатқан тұрғындардан сұрастыру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде жоғалған қыз аман-есен табылып, отбасымен қауышты.

Жоғалған қыздың анасы:

- 19 наурыз күні қызым үйден шығып кетті, "102" полиция қызметкерлеріне звандадым, маған қызымды дер кезінде тауып берді. 783 полиция экипаж ұжымына үлкен рахмет, - деп өзінің алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру