Шымкент: тірек пунктердің жұмысы қатаң бақылауда
Шымкент қаласының аумағында орналасқан учаскелік полиция пункттерінің жұмысына бақылау жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері сенімді ақтау жолында жұмыс істеп келеді. Бұл ретте еліміздің Ата заңының 1-бабында көрсетілгендей мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласының Полиция депратаменті учаскелік полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың жолын кесу, халық пен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында жүйелі жұмыс атқаруда. Аталған бағыттағы жұмысты одан әрі жандандыру мақсатында ҚР Ішкі істер министрлігінің №1095 бұйрығына сәйкес қала аумағында орналасқан учаскелік полиция пункттерінің жұмысына бақылау жүргізілді.
Атап айтсақ, учаскелік инспекторлардың кезекші бөлімдермен әрбір сағат сайын байланысқа шығу журналы, халықпен кері байланысы, өз аумағындағы тұрғындарды тіркеу, карантин талабына сәйкес азаматтарды қабылдау кестесі тексерілді. Жалпы Шымкент қаласында 68 учаскелік полиция тірек пункті бар. Оларға күнделікті орта есеппен 6-7 адам түрлі мәселелермен келіп, арыз-шағымдарын қалдырады. Айта кетейік, мұндай тексеру жұмыстары жоспарлы түрде ұйымдастырылады.