Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны такси жүргізушісін қарумен қорқытқан

Шымкент тұрғыны такси жүргізушісін қарумен қорқытқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қалалық полиция бөлімінің “102” арнасына такси жүргізушісіне көмек керек деген шақырту келіп түскен.

Оқиға орнына шұғыл келген патрульдік полиция полкінің 8-рота инспекторлары белгісіз тұлға қаруға ұқсас затпен такси жүргізушісін қорқытқанын анықтады.

Аталған азаматтан полиция қызметкерлері қаруға ұқсас затты тәркіледі. Тәртіп сақшылары тез арада жедел-тергеу тобына хабар береді. Қаруды қайдан алғанын анықтау мақсатында азаматты Қаратау ауданы Полиция басқармасына жеткізген. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін күдікті қала тұрғынына қатысты құқықтық баға берілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру