Шымкенттік полицейлер қайырымдылық шарасын ұйымдастырды
Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының жеке құрамы көп балалы және жалғыз басты жанұяларға қайырымдылық шарасын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында үлкен қуанышқа кенелгендердің бірі – алты баланың анасы Алия Утегенова. Шымкент қаласы Қарасу көшесінің тұрғыны – Алия Төрекелдіқызының тұрақты жұмысы жоқ. Бала тәрбиесімен үйде отырған жанұяға тәртіп сақшылары азық-түлік өнімдерін жеткізіп, жаңа жылдық сый жасады. Сондай-ақ игі істің шарапатын көргендердің бірі – Қайнарбұлақ саяжайының тұрғыны Эльмира Усманова. Жалғыз басты ана жеті баланы тәрбиелеп отыр. Ең кішкентай сәбиі алты айлық. Әлеуметтік аз қамтылған отбасының бүлдіршіндеріне де полицейлер мерекелік тарту жасап, жаңа жылмен құттықтады.