Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте 100-ден аса адам шақырып, той жасағандар анықталды

Шымкентте 100-ден аса адам шақырып, той жасағандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 5 маусымында сағат 14:04-те Шымкент қаласында орналасқан “Ақбастау” мейрамханасы карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқанын анықтады. Қызметкерлер мен даяршылар кафе ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсетуде.

Сондай-ақ 100 адамнан асатын үйлену той өткізіп жатқаны белгілі болды.

Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған кафе әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру