Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте 11 қылмыскер құрықталды

Шымкентте "Іздестіру" операциясы барысында 11 қылмыскер құрықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының ІІМ нұсқауына сай Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ІІМ арасында қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес 2021 жылдың 17-18 наурыз аралығында республикадан тыс жерлерде жасырынып жүрген қылмыскерлерді іздестірудің тиімділігін арттыруға бағытталған "Іздестіру" бірлескен операциясы өткізілуде.
"Іздестіру" операциясының бірінші күні Шымкент қаласында барлығы 11 қылмыскер құрықталды. Сондай-ақ, хабар-ошарсыз жоғалған жеті азамат табылды.

Жалпы бұл іс-шараның негізгі мақсаты - қылмыстың алдын алу және із-түзсіз жоғалғандарды іздеу, қылмыстық жағдайды жақсарту, қылмыстың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру