Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте әйелдер колониясында ұлы ақынның өлеңдері оқылды

Ұлы ақын Абайдың туған күніне орай Шымкент қаласы ҚАЖ департементіне қарасты 167/4 мекемесіндегі сотталғандар арасында “Абай – дана, Абай – дара қазақта!” атты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Аталмыш шарада істі болған әйелдер колониясы Абай мұрасын насихаттауға ниет білдіріп, ұлы ақынның өлеңдерін оқыды.

Шараның басты мақсаты – Елбасының “Рухани жаңғыру” бағдарламасының ақпараттық имиджін қолдау және Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасын насихаттау. Сотталғандар арасында  оқу мәдениетін, әдеби талғамын қалыптастыру болып табылады.

Айта кетерлігі мекемедегі арнайы кітапханада үш мыңға жуық кітап қоры бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру