Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шалқарлық бақшасында қарасора өсірген

Ақтөбе облысы Шалқар қаласының тұрғыны бақшасында тыйым салынған өсімдікті өсіргені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 тамызда Шалқар аудандық ПБ қызметкерлері “Қарасора-2020” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 43 жастағы жергілікті тұрғын өз үйінің ауласында құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдік “қарасораны” заңсыз өсіргенін анықтады. Полицейлер ауыл тұрғынының бақшасынан жеті түп қарасора тәркіледі. Сараптама тағайындалды. Мойындау айғақтары бар.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі “Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру