Шымкентте алаяқ тұрғынның ақшасын алып, алдап кетті
Жұмысқа орналастырамын деп, ақшасын қайтармай қойған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 10 сәуірінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында 2020 жылдың 27 мамырда белгісіз біреу Еңбекші ауданының аумағында сеніміне кіріп, жұмысқа орналастырып беремін деп, алаяқтық жолмен 1.5 миллион теңге ақшасын алғандығын жазып көрсеткен.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі басқармасының Учаскелік полиция инспекторларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.